Головкин әлемнің үздік боксшылары рейтингінде төмен сырғыды

0
777

Рейтингтің көшін қайтадан мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес бастады.


Головкин әлемнің үздік боксшылары рейтингінде төмен сырғыды

ERNUR.KZ. Головкин әлемнің үздік боксшылары рейтингінде төмен сырғыды, деп жазады Stan.kz.

Рейтингтің көшін қайтадан мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес бастады. Әлемдегі үздік боксшылардың үштігін америкалық Теренс Кроуфорд қорытындылады.

BoxRec порталының рейтингінде Геннадий Головкин салмақ дәрежесіне қарамастан барлық боксшылар арасында екінші орында – оның 688,7 ұпайы бар.

Дегенмен, қазақстандық боксшы жапондық Риота Муратаны жеңгеннен кейін рейтингтің бірінші сатысынан орын алып еді.

Ал жаңартылған рейтингтің көшбасшысы атанған мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес 869,7 ұпай жинады. Әлемнің үздік боксшыларының үштігіне енген америкалық Теренс Кроуфорда 513,6 ұпай бар.

Еске салайық, 9 сәуірде Геннадий Головкин Муратамен жекпе-жекте жеңіске жетіп, WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін иығына ілді.