Головкин-Мартиросян жекпе-жегін қайдан көруге болады

0
1 095

Головкин мен Мартиросян Карсондағы (АҚШ) StubHub Center аренасында 6 мамыр күні таңертеңгі сағат 9.00 шамасында рингке шығады.


Головкин-Мартиросян жекпе-жегін қайдан көруге болады

Екі күннен кейін орта салмақ дәрежесінде WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасында әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросян арасындағы жекпе-жек Ұлыбритания мен Ирландия аумағында тікелей эфирден көрсетіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

BoxNation телеарнасы аталған екі ел аумағында жекпе-жекті эксклюзивті трансляциялау құқығын сатып алды. Алайда Қазақстан аумағында қандай теларнадан көрсетілетіні туралы ақпарат жоқ. «Қазақстан», «Хабар», «Қазспорт» теларналарының бағдарлама кестесінде де жекпе-жек көрсетілімі жазылмаған.

Еске сала кетсек, Головкин мен Мартиросян Карсондағы (АҚШ) StubHub Center аренасында 6 мамыр күні таңертеңгі сағат 9.00 шамасында рингке шығады.

Айта кетейік, бүгін АҚШ-тың USA Today күнделікті газеті Геннадий Головкиннің америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен жұдырықтасқаны үшін қанша табыс табатынын жариялады.