Головкин Нью-Йорк көшелерінде ашық жаттығу өткізді (фото, видео)

0
970

Жаңа бапкердің басшылығымен өтетін Геннадий Головкиннің алғашқы жекпе-жегін 9 маусым күні тікелей эфирден көруге болады.


Головкин Нью-Йорк көшелерінде ашық жаттығу өткізді (фото, видео)

ERNUR.KZ. Геннадий Головкиннің Нью-Йорктегі ашық жаттығуы жанкүйерлер мен журналистердің назарынан тыс қалған жоқ. GGG-дің дайындық сәті бейнеленген видео батыс бокс шолушыларының Twitter-аккаунттарында пайда болды, деп жазады kaz.nur.kz.

Қазақстандық былғары қолғап шебері Стив Роллспен өтетін алдағы жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетті.


Боксшының жаттығу сәтін көруге келген жанкүйерлердің қарасы аз болмады.

Айта кетейік, 5 маусым күні жекпе-жек алдында қорытынды баспасөз-мәслихаты өтеді. Ал 9 маусымда Геннадий мен Роллс рингте кездесетін болады.

Еске сала кетейік, жаңа бапкердің басшылығымен өтетін Геннадий Головкиннің алғашқы жекпе-жегін 9 маусым күні тікелей эфирден көруге болады.

Қазақстандағы сайлау күнімен тұспа-тұс келетін отандасымыздың кездесуі Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскелері де тікелей эфирден көрсетпек.