Grand Slam: Елдос Сметов Париждегі турнирде жүлдесіз қалды

0
667

Сметов әлемдік рейтингіде төртінші орында тұрған дзюдошы, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері оңтүстіккореялық Ли Харимнен жеңіліп қалды.


Grand Slam: Елдос Сметов Париждегі турнирде жүлдесіз қалды

ERNUR.KZ. Қазақстанның ең атақты дзюдошысы Елдос Сметов «Үлкен дулыға» турниріндегі екінші белдесуінде сәтсіздікке ұшырады, деп жазады inform.kz.

Сметов әлемдік рейтингіде төртінші орында тұрған дзюдошы, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері оңтүстіккореялық Ли Харимнен жеңіліп қалды.

Бұл белдесу екі спортшы үшін де оңай болған жоқ. Отандасымыз қарсыласын қарымта шабуыл арқылы жеңуге тырысты. Бірақ бөзкілемде Лидің мерейі үстем болды.