Италияда бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде тағы бір отандасымыз жеңіске жетті

0
215

Оның келесі жекпе-жегі 7 наурызға жоспарланған.


Италияда бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде тағы бір отандасымыз жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Бусто-Арсициода (Италия) бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде тағы бір отандасымыз Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жеңіске жетті, деп жазады zakon.kz.

ҰОК мәліметтері бойынша, отандасымыз 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынады. Алғашқы жекпе-жегінде ол Доннель Филипке (Тринидад және Тобаго) қарсы өнер көрсетті.

Мұхаммедсабыр сенімді жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті. Оның келесі жекпе-жегі 7 наурызға жоспарланған.

Айта кетсек, Бокстан Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов 5 наурызда Бусто-Арсициода (Италия) өткен лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Алғашқы кездесуінде оның қарсыласы фин боксшысы Сэм Моровати болды. Шымбергенов сенімді түрде жеңіске жетіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті. Сондай-ақ Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Аралбай 2024 жылдың 4 наурызында Бусто-Арсициода бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде жеңіске жеткені хабарланған болатын. 2024 жылдың 3 наурызында Сәкен Бибосынов Қазақстанға алғашқы жеңісті сыйға тарту еткен еді.