"Қайрат" клубы бас бапкерді тағайындады

0
549

Кирилл Кекер – жас ойыншылармен жұмыс істеуде мол тәжірибеге ие "Қайрат" ФК академиясының ең табысты мамандарының бірі.


ERNUR.KZ. "Қайрат" футбол клубының негізгі командасына бас жаттықтырушы болып Кирилл Сергеевич Кекер тағайындалды, деп жазады vesti.kz.

Кирилл Кекер – жас ойыншылармен жұмыс істеуде мол тәжірибеге ие "Қайрат" ФК академиясының ең табысты мамандарының бірі. 2017 жылғы маусымда Кекер шәкірттері 2002 жылы дүниеге келген балалар арасындағы ҚР біріншілігінде өздерінен бір жасқа үлкен қарсыластармен бақталасса да, алтын жүлдеге қол жеткізді. Нұрлан Қаппаровты еске алуға арналған турнирде жеңімпаз, Валенсиядағы халықаралық сайыста күміс медаль иегері және Сергей Квочкин атындағы жарыста Кубок еншіледі.

2019-дан 2020 жылға дейінгі маусымда Кирилл Сергеевич "сары-қаралардың" негізгі командасында бас бапкердің көмекшісі қызметінде болып, біріншіліктің алтынын жеңіп алды. 2021 жылғы маусымды Кирил Кекер "Қайрат Жастардың" бас бапкері статусында бастап, маусым айында "Қайрат" ФК бас жаттықтырушы қызметін атқарушы болды.

2022 жылдың қаңтарында Кекер "Қайрат Мәскеу" ФК бас жаттықтырушысы ретінде таныстырылды. Оның еңбегі арқасында, "мәскеуліктер" ҰФЛ-2 турнирлік кестесінде чемпионат аяқталуына бір тур қалғанда, 5-орында келеді.

"Қайрат" футбол клубы Кирилл Сергеевичке негізгі команда тізгінінде үлкен жеңістері көп болсын деп, сәттілік тілейді!", - делінген клубтың ресми сайтында