Қамшыбек Қоңқабаев WBA Gold чемпионы атағын жеңіп алды

0
593

Жоспарланған титулдық жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды.


Қамшыбек Қоңқабаев WBA Gold чемпионы атағын жеңіп алды

ERNUR.KZ. 12 раундқа Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегінде техникалық нокаутпен жеңіске жетті, деп жазады inbusiness.kz.

Жоспарланған титулдық жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Британдық боксшы Стивен Уордты 5-раундта нокдаунға түсірген Қамшыбек Қоңқабаев 7 - раундта қарсыласының қабағын жарды.

Жұдырықтасуды жалғастыра алмауына байланысты Стивен Уорд жеңіліс тапты. Ал Қамшыбек Қоңқабаев WBA Gold чемпионы атағын жеңіп алды.