Қанат Ислам қарсыласынан жеңіліп қалды

0
721

Бұл – оның кәсіби бокстағы алғашқы жеңілісі.


Қанат Ислам қарсыласынан жеңіліп қалды

ERNUR.KZ. Қазақ боксшысы Қанат Ислам ұлыбританиялық Джимми Келлиден жеңілді, деп жазады inbusiness.kz

Бір төреші қос боксшы тең түсті деп есептесе, екеуі жеңісті Джимми Келлиге берді (95-95, 96-94, 97-93). Осылайша, ол WBO Global чемпионы атанды. 37 жастағы Қанат Ислам 29 рет жеңіске жеткен, оның 23-і нокаутпен.

29 жастағы Джимми Келли осыған дейін 2 рет жеңіліп, 26 рет (10 нокаут) жеңіске жеткен. Ол бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін кездесуде жерлесі Лиаму Смиттен жеңіліп қалған.