Қанат Ислам рингке қашан шығатыны белгілі болды

0
984

Қазақстандық кәсіпқой боксшы келесі жекпе-жегі қазан айында болатынын айтты.


Қанат Ислам рингке қашан шығатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (26-0, 21 КО) QP TV-ге берген сұхбатында келесі кездесуі жайлы айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Дайындықты бастап кеттік. Келесі жекпе-жегін қазанның 26-сына жоспарланып отыр. Жауапкершілік үлкен. Америкадан бұрынғы промоутерім Нельсон Лопес мырза келіп отыр. Ол кәсіпқой бокста көзімді ашты, ұстаздан жолым болды деп ойлаймын. (...) Алда үлкен жоспарлар бар», - деді Қанат Ислам.

Сондай-ақ ол Алматыны Орта Азия ғана емес, бүкіл әлемде боксшылар шоғырланған жерге айналдырғысы келетінін айтты.