"Канело" допингпен ұсталды

0
1 706

Мексмкалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) екінші жекпе-жегінің қарсаңында допинг-сынақтан өте алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

фото ашық дереккөзден

Vesti.kz. Бұл мәліметті Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы растады. Компания бұл туралы БАҚ-тарға ресми мәлімдеме жасаған. Мәтін BoxingScene басылымында жарияланды. Альварестің допинг-сынамасынан кленбутеролдың болмашы мөлшері табылған. Бұл препарат адамға бұлшықет массасын өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың массасын өсіруге арналған. Golden Boy мәлімдемесінде Альварестің ағзасына бұл препарат зақымдалған ет арқылы енген болуы мүмкін екені айтылады, дәл осындай жолмен соңғы кездері ондаған спортшының ағзасына кленбутерол еніп кеткен. Мұны Солт-Лейк-Ситидегі SMRTL зертханасының директоры Дэниэль Айкнер де растап отыр.