«Канелоның сөзінің бәрі жалған». Альвареске отандасы шүйлікті

0
1 140

​Мексикандық кәсіпқой боксшы Альфредо Ангуло (24-6, 20 КО) FightHub телеарнасына берген сұхбатында отандасы Сауль Альварестің қылығын сынға алды.


«Канелоның сөзінің бәрі жалған». Альвареске отандасы шүйлікті

Мексикандық кәсіпқой боксшы Альфредо Ангуло (24-6, 20 КО) FightHub телеарнасына берген сұхбатында отандасы Сауль Альварестің қылығын сынға алды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ prosports.kz-ке сілтеме жасап.

- Оның ағзама кленбутерол ет арқылы түскен деген сөзінің бәрі жалған. Мексикадағы еттің тапшылығы бәріне мәлім. Сондықтан кез келген мексикалықтың қанынан кленбутерол шығуы мүмкін. Себебі олар көшеде тұрған етті сатып жеуге мәжбүр. Мысалға Мексикадағы бір футбол командасыының барлық мүшесінен кленбутерол табылды. Бұл біз үшін үлкен мәселе. Ал Альваресқа келсек оның қолына түскен нәрсені жей бермей дұрыс тамақтануға қаржысы жеткілікті. Оның өзіңнің жеке аспазшысы бар. Бапкері Чепо Рейносо да еттің қыр-сырын жақсы біледі. Сауль Альварес дәл осындай сылтау айтуға ұялуы керек, - дейді Альфредо Ангуло.

Естеріңізге салсақ, Альфредо Ангуло 2014 жылы Альвареспен кездесіп техникалық нокаутпен жеңіліс тапқан.

Сауль Альварес бесінші мамыр күні қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуі тиіс болатын. Допингпен ұсталып басы бәлеге қалған Альварес бұл кездесуден өз еркімен бас тартты.