Канвондо-2024: Бүгін жасөспірімдер олимпиадасының алауы тұтанады

0
446

Ел намысын 42 спортшы қорғайды.


Канвондо-2024: Бүгін жасөспірімдер олимпиадасының алауы тұтанады

ERNUR.KZ. Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы тұтанады, деп жазады inform.kz.

Астана спортшыларды салтанатпен шығарып салды

15 қаңтар күні Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Канвон-2024 IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын спортшыларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.

Аталған шарада конькимен жүгіру спортының өкілі Кристина Шумекова мен шорт-трекші Ерасыл Шыңғысханға Көк туымыз табысталып, спортшылар ант береді. Жиынға ҚР Туризм және спорт министрі, Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылары, спорт ардагерлері мен Олимпиада ойындарының жүлдегерлері қатысты.

Ел намысын 42 спортшы қорғайды

Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрі мен 10 дисциплина бойынша 42 спортшы қорғайды. Атап айтар болсақ, биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша бақ сынайды.

Спорт түрі мен спортшылардың есімдері:

Биатлон:

  • Алема Қарабаева
  • Ильяс Хасенов
  • Эвелина Мезенцева
  • Антон Редькин
  • Мария Воробьева
  • Кирилл Зотов
  • Тау шаңғы спорты:
  • Ростислав Хохлов
  • Александра Скороходова

Керлинг:

  • Мерей Тастемір
  • Ибрагим Тастемір
  • Конькимен жүгіру спорты:
  • Руслан Жанаділов
  • Михаил Матрюхин
  • Алина Шумекова
  • Кристина Шумекова

Шаңғы жарыстары:

  • Берік Боранбаев
  • Әубәкір Тотанов
  • Милана Мамедова
  • Виолетта Митропольская

Шаңғымен тұғырдан секіру:

  • Илья Мизерных
  • Илья Шильников
  • Софья Шишкина
  • Алена Свириденко
  • Фристайл-могул:
  • Юлия Феклистова
  • Денис Раструба

Шорт-трек:

  • Мейіржан Төлеген
  • Ерасыл Шыңғысхан
  • Анастасия Астраханцева
  • Полина Омельчук

Шайбалы хоккей 3х3:

  • Темірлан Айболұлы
  • Бексұлтан Мақыш
  • Арсений Кучковский
  • Әділхан Саттар
  • Никита Кулаков
  • Матвей Решетько
  • Расул Тұрсынов
  • Арман Төлен
  • Жахангер Тілеухан
  • Таир Бигаринов
  • Егор Кравченко
  • Роман Мичуров
  • Әнуар Ахметжанов

Шаңғы қоссайысы:

  • Арман Қуаныш

Жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан туын кімдер алып шығады

Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан Туын Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының спортшылары алып шығады.

Атап айтсақ, «Ұлттар шеруі» кезінде Қазақстан туын конькимен жүгіруден Петропавлдан ұлттық құраманың мүшесі Кристина Шумекова мен оралдық шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан алып шығады. Бұл спортшылар жарыстардағы жоғары жетістіктері үшін ғана емес, сонымен қатар халықаралық аренадағы жеңіске деген жігері үшін таңдалған.
Атап айтсақ, Кристина Шумакова - конькимен жүгіру спортынан ҚР спорт шебері, өзінің жасы санатындағы Қазақстан Республикасының чемпионы, 2023 жылғы Әлем Кубогының итальяндық кезеңінің күміс жүлдегері.
Ал екінші ту ұстаушы спортшымыз Ерасыл Шыңғысхан - шорт-тректен спорт шеберіне кандидат, өзінің жасы санатындағы Қазақстан Республикасының чемпионы, сондай-ақ «Азия балалары» 2023 халықаралық жарысының күміс жүлдегері.

Канвон-2024: Жеңімпаздар қандай медальдармен марапатталады

Осыған дейін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтетін IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қандай медальдар берілетінін жазған болатынбыз.

Жасөспірімдер арасындағы IV қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне берілетін медальдің атауы - «Жарқыраған болашақ» болады.

Сондай-ақ, Олимпиада медалінің дизайнын жасауға 2023 жылы 120 мемлекеттен 3000-нан астам үміткер қатысқанын, солардың арасынан тек, 27 жастағы Бразилия азаматы Данте Акира Увайдың туындысы үздік деп танылғаны белгілі болды.

Жасөспірімдер Олимпиадасы: Қоржынымызда қанша жүлде бар

Қазақстандық жасөспірімдер Канвон Олимпиадасына дейін үш ойынға қатысқан болатын. Бүгін Қазақстан құрамасы осыған дейінгі ойындарда қанша медаль жеңіп алғанын еске түсіре кетуді жөн санадық.

2012 жыл: Инсбрук (Аустрия) Олимпиадасы

Қазақстан құрамасы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына алғаш 2012 жылы Инсбрукте өткен ойындарда өз өнерін ортаға салды. Қазірге дейінгі ең үлкен жетістігіміз де сол алғашқы Аустрия жерінде тіркелген болатын.

Атап айтсақ, ұлттық құрама мүшелері 2012 жылы Инсбрукте 1 күміс және 2 қола медальға қол жеткізді. Нәтижесінде жалпы командалық есепте 23-орынға табан тіреген еді. Аталған басты додада Галина Вишневская-Шепоренко спринтте күміс жүлде, сосын із кесу сайысында қола медальға қол жеткізді.

Ал Сергей Малышев классикалық жүріспен 10 шақырым жарыста мәре сызығын үшінші болып кесіп, қола жүлдемен марапатталып қайтты.

2016

жыл: Лиллехаммер (Норвегия) ОлимпиадасыҚазақстан жасөспірімдері екінші рет 2016 жылы Лиллехаммерде (Норвегия) өткен Олимпиада ойындарында бақ сынады. Нәтижесінде жерлестеріміз бәсі биік бәсекені 2 қола медальмен аяқтады. Осылайша жалпы командалық есепте 26-орынды місе тұтты.

Норвегия төрінде бір қола жүлдені биатлоншы Арина Пантова спринтте жеңіп алса, екінші жүлдені ел қоржынына Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанау спортынан салды.

2020 жыл: Лозанна (Швейцария) Олимпиадасы

Қазақ спортшылары үшінші рет 2020 жылы Лозаннада (Швейцария) өткен Қысқы ойындарға қатысты. Өкінішке қарай, ел намысын қорғауға барған 26 атлетіміздің бірде-бірі жеңіс тұғырынан көріне алмады.

Айта кетейік, Канвон-2024 жасөспірімдер арасындағы IV қысқы Олимпиада ойындары 19 қаңтарда ашылады және 1 ақпанға дейін Пхенчхан 2018 қысқы Олимпиада ойындарын қабылдаған Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында өтеді. Оңтүстік Кореядағы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына әлемнің 50 елінен 1800 спортшы қатысады деп жоспарланған. Жеті спорт түрінен (15 пән) 81 медаль жиынтығы ойнатылады.