Катар-2022: Испания мен Германия тең түсті

0
438

Испаниялықтар 2010 жылы, немістер 2014 жылы әлем чемпионы атанған.


Катар-2022: Испания мен Германия тең түсті

ERNUR.KZ. Футболдан Катардағы әлем чемпионатының екінші тур матчтінде Испания мен Германия кездесті, деп жазады vesti.kz.

Испаниялықтар 2010 жылы, немістер 2014 жылы әлем чемпионы атанған.

Е тобындағы ойынның бірінші таймында есеп ашылмады. 40-минутта Антонио Рюдигердің голы есепке алынбады - неміс қорғаушысы офсайдқа шығып кеткен екен.

Ал 62-минутта испаниялықтар алға шықты - сол жақ қанаттан Жорди Альба асырған допты Альваро Мората қақпада тулатты.

Кездесудің 83-минутында Никлас Фуллкруг таразы басын теңестіре алды. Осылайша, матч 1:1 есебімен аяқталды.

Екі турдан соң Испания құрамасы Е тобында төрт ұпаймен көш бастап тұр. Жапония мен Коста-Риканың еншісінде үш ұпай бар. Ал Германия бір ұпаймен соңғы орында тұр.

Бұл топтың келесі матчтары 1 желтоқсанда өтеді. Испания Жапониямен, ал Германия Коста-Рикамен кездеседі.

Германия топтан шығуы үшін Коста-Риканы ұтуы қажет. Ал Испания жапон футболшыларынан басым түсуі керек.