Қазақ боксшысы өзбекстандық әлем чемпионын құлатқанымен жеңіссіз қалды

0
437

Боксшылар 71 келіде финалға жолдаманы сарапқа салды.


Қазақ боксшысы өзбекстандық әлем чемпионын құлатқанымен жеңіссіз қалды

ERNUR.KZ. Өзбекстанның қазағы Аман Қонысбеков бокстан Өзбекстан чемпионатының жартылай финалында Асадхужа Муйдинхужаевпен жекпе-жек өткізді, деп жазады vesti.kz.

Боксшылар 71 келіде финалға жолдаманы сарапқа салды. Үш раунд қорытындысы бойынша Муйдинхужаев төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті. Бірінші раундта Қонысбеков қарсыласын бір рет нокдаунға түсіргенін айта кетейік.

Осылайша, Аман Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері атанды, ал 67 келіде 2023 жылғы әлем чемпионы Асадхужа алтын үшін жекпе-жек өткізеді.