Қазақ файтер 20 күн ішінде үш жекпе-жекке шығады

0
433

Бұл "марафонды" ол 21 тамыз Нұр-Сұлтанда өткен Eagle FC 50 турнирінде бастап, бірінші раундта тәжікстандық Умиджон Мусаевты нокаутқа түсірді.


Қазақ файтер 20 күн ішінде үш жекпе-жекке шығады

ERNUR.KZ. Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Сәбит Жүсіпов 20 күнде үш жекпе-жек өткізеді, деп жазады vesti.kz.

Бұл "марафонды" ол 21 тамыз Нұр-Сұлтанда өткен Eagle FC 50 турнирінде бастап, бірінші раундта тәжікстандық Умиджон Мусаевты нокаутқа түсірді.

Одан кейін Сәбит Алматыға ұшып шықты, мұнда ол Naiza лигасының гран-приінде Tobet Top Team командасы үшін айқасады.

Одан кейін спортшы 10 қыркүйек Атырауда өтетін Mergen FC лигасында әзірбайжандық Руслан Маммадовпен жұдырықтасады.