Қазақ спортшының жекпе-жегі октагон ішіндегі жаппай тәртіпсіздікке ұласты

0
487

Жартылай финалда Мұрат әзірбайжандық Эмиль Новрузовпен кездесті. Жекпе-жек жоспарланған үш раунд өтті.


Қазақ спортшының жекпе-жегі октагон ішіндегі жаппай тәртіпсіздікке ұласты

ERNUR.KZ. Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Мұратбек Қасымбай Hype Fighting Championship гран-приінің финалына шыға алмады, деп жазады Vesti.kz.

Жартылай финалда Мұрат әзірбайжандық Эмиль Новрузовпен кездесті. Жекпе-жек жоспарланған үш раунд өтті.

Айқас аяқтала салысымен сегіз бұрышқа екі спортшының да командаластары шығып, көп ұзамай жанжалдасып қалды. Тіпті көреремендер де октагонға кіріп кетті, алайда, бәрі төбелессіз аяқталды.

Төрешілер шешімі бойынша Новрузов жеңіске жетті. Бұл Мұраттың наразылығын тудырды. Алайда төрешілер шешімді өзгерткен жоқ.