Қазақ спортшысы жалаң жұдырықпен төбелесте Украина чемпионын нокаутқа жіберді

0
552

Қазақстандық спортшы, М-1 экс-чемпионы Украина астанасы Киев қаласындағы сайыста осы елдің бокстан чемпионы, түрлі халықаралық сайыстардың жүлдегері Тимур Белякты сұлатып салды.


Қазақ спортшысы жалаң жұдырықпен төбелесте Украина чемпионын нокаутқа жіберді

ERNUR.KZ. Аралас жекпе-жек (ММА) шебері Арман Әшімов жалаң жұдырықпен төбелесудегі алғашқы айқасында бокстан әлем чемпионатының қатысушысын бір соққыдан нокаутқа түсірді деп жазады Ulysmedia.kz.

Осылайша қазақстандық спортшы, М-1 экс-чемпионы Украина астанасы Киев қаласындағы сайыста осы елдің бокстан чемпионы, түрлі халықаралық сайыстардың жүлдегері Тимур Белякты сұлатып салды.

Арман ММА ережесі бойынша соңғы күш сынасуында әзірбайжандық Серхан Валилиді нокаутпен жеңді.

«Арман – нағыз қазақ батыры! Сол қолымен ұрды, оң қолы болғанда, тіпті жағдай қиынға соғар еді», – деп жазды жанкүйерлер.