"Қазақ титаны" белгілі "ирандық Халкпен" қолғап түйістіреді

0
632

Жекпе-жек кеші Дубайда 31-шілде күні өтеді.


ERNUR.KZ. "Қазақ титаны" деген атпен танымал Алмат Жұманов "ирандық Халк" деген лақап атпен белгілі Саяд Гарибимен қолғап түйістіреді, деп жазады vesti.kz.

Жекпе-жек кеші Дубайда 31-шілде күні өтеді. Ал Жұманов "ирандық Халктың" қарсыласының орнын басады.

"Гариби актер Мартин Фордқа қарсы жаттығу жасаған. Айқас сәуір айында өтуі тиіс болған. Алайда өтпей қалды. Ендігі жекпе-жек Wicked 'N' Bad промоушенінің мұрындық болуымен ұйымдастырылады", - деп жазады The Mirror басылымы.