Қазақстан джиу-джитсудан Азия чемпионатында үздік үштікке кірді

0
881

Биыл бұл біріншілікке құрлықтың 20 елінен 500-ден аса спортшы қатысқан.


Қазақстан джиу-джитсудан Азия чемпионатында үздік үштікке кірді

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда джиу-джитсудан өткен IV Азия чемпионатында Қазақстан командасы екінші орын алды. Бұл туралы ҚазАқпарат елорданың спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тайландтық спортшылар оп жарған бәсекеде ел қоржынына 7 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль түскен.

Алтын алғандар:

1. Тілепова Әлия 62 келі

2. Есенғалиев Айбар +94 келі

3. Нұрлыбаев Жеңіс 56 келі

4. Жәнібек Әбу-Бакір 62 келі

5. Дуванова Галина 52 келі

6. Жарасов Досбол 56 келі

7. Хамзе Баккуар 77 келі

Күміс алғандар:

1. Мекенбаева Мөлдір 52 келі

2. Дүйсенқұлов Нұрсұлтан 69 келі

3. Хамзе Баккуар 77 келі

4. Айтмұханбетов Санжар 56 келі

Қола алғандар:

1. Мамышев Медетхан, Филатов Виктор дуо-систем

2. Құсайынов Рамазан 94келі

3. Бисалиев Тыныс +94келі

4. Қонысов Қуандық 56келі

5. Нортаев Дархан 62келі

Ал жалпыкомандалық есепте жарыс жеңімпаздары атанған Таййланд құрамасы Моңғолиядан 22 алтын, 16 күміс және 9 қола медаль иеленіп қайтты. Командалық есепте орын иеленген жарыс қожайындарының еншісінде 6 алтын, 9 күміс және 15 қола медаль бар. Биыл бұл біріншілікке құрлықтың 20 елінен 500-ден аса спортшы қатысқан. Қазылар алқасының құрамына 13 мемлекеттен 20 төреші енді.