Қазақстан футбол құрамасы FIFA рейтингінде нешінші орында тұр

0
427

Әлемдік рейтингте Аргентина, Франция, Англия алғашқы үштікте тұр.


Қазақстан футбол құрамасы FIFA рейтингінде нешінші орында тұр

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасының қараша айындағы FIFA рейтингіндегі орны белгілі болды, деп жазады inform.kz.

Қараша айында ұлттық құрама Сан-Марино (3:1) және Словениямен (1:2) кездесті.

Ойындар нәтижесі бойынша рейтингте екі орынға төмен түсіп, 100-орынға жайғасты.

Әлемдік рейтингте Аргентина, Франция, Англия алғашқы үштікте тұр.

Одан кейінгі орындарға Бельгия, Бразилия, Нидерланд, Португалия, Испания, Италия, Хорватия келеді.

Ал Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы жартылай финалда кездесетін Грекия 47-орында тұрса, финалдағы ықтимал қарсыластарымыз Грузия - 77, Люксембург - 87 орынға жайғасқан.

Қазақстандық футболшылар Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында бесінші мәрте бақ сынады. 2008, 2012 жылдарда - 6, 2016, 2020 жылдарда - 5 орын алды.

Қазірге дейін 2024 жылғы құрлықтық доданың финалдық сатысына Франция, Португалия, Бельгия, Испания, Шотландия, Түркия, Англия, Аустрия, Венгрия, Словакия, Албания, Дания, Нидерланд, Швейцария, Румыния, Сербия құрамалары шықты.

Ал Германия ұйымдастырушы ел ретінде іріктеусіз қатысады.