Қазақстан футбол құрамасының кеңейтілген құрамы жарияланды

0
245

Оқу-жаттығу жиыны 8 наурызда Дубайда басталады.


Қазақстан футбол құрамасының кеңейтілген құрамы жарияланды

ERNUR.KZ. Қазақстан футбол құрамасы Ұлттар лигасының жартылай финалында Грекиямен өтетін матчқа дайындық аясында кеңейтілген құрамды жариялады, деп жазады inform.kz.

Қазақстан футбол федерациясынан мәлім еткеніндей, оқу-жаттығу жиыны 8 наурызда Дубайда басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады.

Жалпы тізімге 33 футболшы енгізілді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий — «Ақтобе», Бекхан Шайзада — «Ордабасы», Данил Устименко — «Қайрат», Александр Заруцкий — «Астана»;

Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров, Тимур Досмағамбетов — бәрі «Астана», Еркін Тапалов, Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин — бәрі «Тобыл», Сергей Малый, Темірлан Ерланов — екеуі де «Ордабасы», Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов — екеуі де «Ақтобе», Нұралы Әліп — «Зенит» (Ресей), Александр Зуев — «Арсенал» (Тула, Ресей), Лев Скворцов — «Химки» (Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов — бәрі «Ақтобе», Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат — екеуі де «Астана», Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов — екеуі де «Ордабасы», Әділет Садыбеков — «Қайрат», Ислам Чесноков — «Тобыл», Бақтиер Зайнутдинов — «Бешикташ» (Түркия);

Шабуылшылар: Владислав Прокопенко, Рамазан Кәрімов, Эльхан Астанов — бәрі «Астана», Иван Свиридов — «Елімай», Абат Айымбетов — «Адана Демирспорт» (Түркия).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама үшін таласады. Грекиямен матч 21-інен 22 наурызға қараған түні Афиныда өтеді.