Қазақстан құрамасы капитанының қарсыласы ауысып кетті

0
2 566

Жекпе-жекке бірнеше күн қалды.


Қазақстан құрамасы капитанының қарсыласы ауысып кетті

ERNUR.KZ. Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаевтың кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласы ауысты, деп жазады vesti.kz.

Қамшыбек 27 ақпан Алматыда өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегіне шығады. Бастапқыда оның қарсыласы британиялық Стивен Уорд (13-1, 4 КО) болған. Ал енді Қоңқабаев украиналық Сервер Эмурлаевпен (23-1, 9 КО) жұдырықтасады. Бұл кездесуде бірінші ауыр салмақтағы WBO Asia Pacific белбеуі сарапқа салынады.