Қазақстан құрамасы "Ұлттар лига" ойындарында жеңіліс тапты

0
1 536

69 - минутта Чаквитадзе есепті ашты. Осы 19 жастағы футболшы турнирдің алғашқы голын соғып, тарихтан орын алды.


Қазақстан құрамасы

Футболдан Еуропада жаңа "Ұлттар лигасы" атты жаңа турнирдің жалауы көтерілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"Д" лигасының 1 - тобынан орын алған Қазақстан құрама командасы "Астана Арена"да Грузияға 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Матчта отандастарымыз бірнеше рет шол соғу мүмкіндігіне ие болды. Бірақ, жанкүйерлердің алдында футболшыларымызға гол соғу бақыты бұйырмады.
69 - минутта Чаквитадзе есепті ашты. Осы 19 жастағы футболшы турнирдің алғашқы голын соғып, тарихтан орын алды.
74 - минутта Сергей Малый өз қақпасына гол соғып алды. Осылайша Грузия құрама команасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Топтағы екінші ойында Латвия өз алаңында Андорра мен 0:0 есебімен тең ойнады. Ал, Қазақстан 11 қыркүйек күні Андорраға қарсы сырт алаңда ойын өткізеді.
Өзге ойындардың нəтижелері мынадай:
"А" лигасы. Германия - Франция - 0:0
"В" лигасы. Уэльс - Ирландия - 4:1, Словения - Болгария - 1:2
"Д" лигасы. Гибралтар - Македония - 0:2.