Қазақстан құрамасының ойыншысы коронавирус жұқтырды

0
639

Марочкиннің коронавирусқа қарсы тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен.


Қазақстан құрамасының ойыншысы коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Ұлттық құраманың негізгі қорғаушыларының бірі Александр Марочкин алдағы матчтарға қатыспайды, деп жазады baq.kz.

Марочкиннің коронавирусқа қарсы тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткендіктен, Қазақстан құрамасының 4 қазан күні басталған оқу-жаттығу жиынына келе алмады.

Естеріңізде болса, Марочкин ұлттық құраманың өткен айдағы үш ойынына да қатысқан еді.

Айта кетейік, Талғат Байсуфинов шәкірттері 9 қазанда Босния және Герцеговина, ал 12 қазанда Финляндия құрамасымен күш сынасады. Қос ойын да «Астана Арена» стадионында өтеді.