Қазақстан құрамасының шабуылшысы төрешіні балағаттаны үшін төрт ойынға шеттетілді

0
472

Ол "Қызыл-Жар" командасымен өткен ойында алаңнан қуылды.


Қазақстан құрамасының шабуылшысы төрешіні балағаттаны үшін төрт ойынға шеттетілді

ERNUR.KZ. "Жетісу" футбол клубының шабуылшысы Айбар Жақсылықов 4 матчқа шеттетілді, деп жазады vesti.kz.

"Бас төрешіге қарсы дөрекі сөйлеп, спортқа тән емес мінез-құлқы үшін "Жетісу" ФК ойыншысы Айбар Жақсылықов төрт матчқа шеттетілді. Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 45-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес қабылданды. Жаза мерзімі 2020 жылдың 1 қарашасында күшіне енді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Жақсылықов "Қызыл-Жармен" өткен матчтың 85-минутында қызыл қағаз алған болатын. Шабуылшы осы маусымда 4 гол соғып, Қазақстан құрамасына шақырту алып үлгерді.