Қазақстан күрестен жастар чемпионатында алғашқы жүлде жеңіп алды

0
925

Еркін күрестен 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Асыл Айтақын турнирдің қола жүлдегері атанды.


Қазақстан күрестен жастар чемпионатында алғашқы жүлде жеңіп алды

ERNUR.KZ. Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп жазады vesti.kz.

Еркін күрестен 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Асыл Айтақын турнирдің қола жүлдегері атанды.

Үшінші орын үшін өткен кездесуде ол Венгрия өкілі Гамзадгаджи Халидовпен кездесіп, 3:3 есебімен тең түсті. Алайда төрешілер әдіс сапасы бойынша жеңісті Асылға берді.

Айта кетелік, аталған сында грек-рим күресінен бәсекелер аяқталды. Өкінішке қарай, "классиктерде" жүлде жоқ.