Қазақстан Ташкентте өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында үш алтын жеңіп алды

0
427

Жарысқа 29 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан құрамасының сапында 58 спортшы қатысқан.


Қазақстан Ташкентте өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында үш алтын жеңіп алды

ERNUR.KZ. ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Ташкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан спортшыларының үш алтынды иеленгенін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Ташкентте 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан 5-ші Азия чемпионатында Анастасия Колода – 400 метрге кедергілермен жүгіру, Иван Сенинг – онсайыс, Ирина Конищева – жетісайыстан алтын алды.

Жарысқа 29 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан құрамасының сапында 58 спортшы қатысқан.

Қазақстан құрамасының бес спортшысы қола жүлдені жеңіп алды: Нұрдәулет Маман – найза лақтыру, Якименко Елизавета – үш қарғып секіру, Григорьева Богдана – 3000 метр секіру, Максим Балабин – сырықпен секіру, Мұхаметқали Реза – сырықпен секіру.