Қазақстанда жаңа спорт түрін ойлап тапты

0
1 280

Екі спорт түрін біріктіруді жәрмеңкеге орай ойлап тапқан.


Қазақстанда жаңа спорт түрін ойлап тапты

ERNUR.KZ. Елімізде жаңа спорт түрін ойлап тапты. Велошах деп аталатын спортта шахматшылар партия кезінде велотренажердің педалін айналдырып отырады, деп жазады altaynews.kz.

Екі спорт түрін біріктіруді Қазақстандық шахмат федерациясында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін жәрмеңкеге орай ойлап тапқан екен.

Қазақстанның гроссмейстері Рустам Хуснутдинов бұл бұл идеяны құптап отыр.

"Шахмат – интеллектуалды ойын ғана емес, бұл бірінші кезекте, спорт түрі. Партия ұзаққа созылуы мүмкін, 3-4 сағат қозғалмай отырып, ойлану – оңай іс емес. Сондықтан төзімділік қажет. Шахматшылар дене дайындығына аса мән береді. Осындай екі форматты біріктіру – жақсы идея", - дейді ол.