Қазақстандық боксшылар жол апатынан көз жұмды

0
1 157

Үш бірдей жас боксшы жол апатына ұшырап, мезгілсіз қаза болды.


Қазақстандық боксшылар жол апатынан көз жұмды

иллюстрациялық фото

Қазақстандық 3 боксшы жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Атырау боксында орны толмас, ауыр қаза. Үш бірдей болашағынан үміт күттірер жас боксшыларымыз, облыс құрамасының мүшелері Еламан Рахметолла, Нұркен Нұрымов және Сұңқар Тельманов жол апатына ұшырап, мезгілсіз қаза болды», - делінген хабарламада.