Қазақстандық дуэт батутта секіруден Әлем чемпионатында "алтын" алды

0
586

​Спортшылар 17-21 жас аралығындағы топта сынға түскен.


Қазақстандық дуэт батутта секіруден Әлем чемпионатында

ERNUR.KZ. Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан жас топтары арасындағы әлем чемпионатында қазақстандықтар Роман Барков пен Игорь Грачёв синхронды секіруден алтын медаль жеңіп алды, деп жазады inbusiness.kz.

Спортшылар 17-21 жас аралығындағы топта сынға түскен. Олар қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, жеңіске жетті. Қазақстандық дуэт 49,910 ұпай иеленген.

Екінші орынды Франция иеленсе, қола медальді Беларусь өкілдері жеңіп алды. Грачёв пен Барков өскемендіктер, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері. Федор Булучевский мен Игорь Яковлевтің қоластында жаттығады. Спортшылар 4 жылдан бері жұптасып синхронды секіруден сынға түсіп келеді. Бұл олардың әлем чемпионатындағы алғашқы медалі.