Қазақстандық команда еуропалық клубтың ең мықты бомбардирін шақырды

0
2 474

Шабуылшы Беларуссия, Армения мен Украинада ойнаған.


Қазақстандық команда еуропалық клубтың ең мықты бомбардирін шақырды

ERNUR.KZ. Армениялық шабуылшы Гегам Кадимян "Қайсардың" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына барды, деп жазады Vesti.kz.

Форвард сол жерде бақылау матчіне қатысады.

Футболшы клубтық карьерасында украиналық "Арсенал", "Титан", "Говерла", "Олимпик", "Карпаты", "Заря", "Ворскла" мен армениялық "Пюник" пен "Алашкерт" сапында ойнаған.

Кейінгі маусымды шабуылшы Беларуссия чемпионатында "Неман" сапында өткізді. Бұл команда үшін 29 матчте Кадимян 12 гол салып, клубтың ең мықты бомбардирі атанды. Сонымен бірге ол алты нәтижелі пас берген.