Қазақстандық шаңғышылар жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысады

0
714

Қыздар 5 шақырым қашықтықта жүлделі орындарды сарапқа салады.


Қазақстандық шаңғышылар жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысады

ERNUR.KZ. Бүгін, 25 ақпанда шаңғы жарысынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қыздар мен ұлдар арасында классикалық жүріс бойынша дода өтеді, деп жазады Olympic.kz.

Қыздар 5 шақырым қашықтықта жүлделі орындарды сарапқа салады. Қазақстанның атынан Мария Геращенко, Елизавета Толмачева және Айша Рақышева жарыс жолына шығады.

Ұлдар арасында 10 км қашықтық бойынша үздіктер анықталады. Аталмыш додаға Қазақстан сапынан Ернұр Бексұлтан, Дидар Қасенов, Алмас Кәрімов, Ернар Нұрсбеков қатысады.