Қазақстандық теннисші Ирандағы турнирдің жеңімпазы атанды

0
396

Қазақстандық-ресейлік жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.


Қазақстандық теннисші Ирандағы турнирдің жеңімпазы атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық Григорий Ломакин Иран астанасы Тегеранда өткен ITF M15 жарысының чемпионы атанды, деп жазады vesti.kz.

Турнирдің бірінші ракеткалары болып тіркелген Ломакин мен ресейлік Егор Агафонов финалда үндістандықтар Ишаке Экбал – Яш Чаурасиямен кездесті.

Қазақстандық-ресейлік жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Ломакин жекелей сында ширек финалға дейін жетіп, онда ресейлік Денис Клокқа есе жіберген еді – 1:6, 2:6.

Григорий Ломакин жұптық сында ATP Live рейтингісінде 247-ден 246-орынға көтерілді.