ҚФФ басшысы Қазақстан құрамасына неге ресейлік бапкерді тағайындағанын түсіндірді

0
637

44 жастағы ресейлік маман ресми түрде Қазақстан құрамасының бас бапкері атанды.


ҚФФ басшысы Қазақстан құрамасына неге ресейлік бапкерді тағайындағанын түсіндірді

ERNUR.KZ. Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов ұлттық құраманың тізгінін неге Магомед Адиевке тапсырғанын түсіндірді, деп жазады Vesti.kz.

44 жастағы ресейлік маман бүгін ресми түрде Қазақстан құрамасының бас бапкері атанды. Осыған орай Футбол үйінде арнайы жиын болып, онда Әділет Берменқұлов таңдаудың неге Адиевке түскенін айтып берді.

"Халықаралық күнтізбенің ерекшелігін сіздер жақсы білесіздер. Дегенмен, 11 күннің ішінде 4 ойын өткізу қиын. Біз стресс жағдайындамыз. Сондықтан мұндай шешімді неге қабылдағанын түсіндіргім келеді. Бізге әрине, бапкерлік құзыреттілікті көру қызық. Бірақ дәл қазіргі уақытта бұл модельді басқа форматта қарастырамыз. Бапкерліктен бөлек, бізге маманның басқарушылығы өте маңызды. Бүгін мен осы стресстік жағдайдан қандай да бір жолмен абыроймен шығу керек екенін түсінемін. Адиевтің алдында бірінші міндет – жағдай жасау. Жаттықтырушылар штабында да, командада да байланыс орнату. Неге дәл Магомед Мусаевич? Бірқатар кандидат қаралды, Бабаянмен де әңгімелестік. Бірақ жасыратын ештеңесі жоқ – екі жыл бойы мен Магомед Мусаевичпен жұмыс істедім, оның жақсы басқарушы екенін байқадым", – деді Барменқұлов.

Айта кетейік, маусым айында Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында төрт кездесу өткізеді. Оның біріншісі 3 күні Әзірбайжанға қарсы болады.