Хабиб Нурмагомедов екі күн ішінде алты келі салмақ тастау керек

0
979

Хаиб пен Порье арасындағы жекпе-жек 7 қыркүйек күні "Әбу-Дәбиде" өтетін болады.


Хабиб Нурмагомедов екі күн ішінде алты келі салмақ тастау керек

ERNUR.KZ. UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Дастин Порьемен жекпе-жегі алдындағы салмақ өлшеуге дейін екі күн ішінде алты келі салмақ тастау керек, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алайда, ресейлік спортшының командасы салмақ тастау үрдісі ойдағыдай келе жатқанын айтты.
"Хабиб кеше кешке 76 келіні көрсетті. Тағы төрт жаттығу бар. Олардың әрқайсысынан 1,5 келіден кетеді", - деді 30 жастағы спортшының командасындағы анонимді дереккөз.
Айта кетейік, салмақ өлшеу осы жұмада, алтыншы қыркүйекте өтпек. Жеңіл салмақтағы спортшылардың салмағы 70 келіден аспау керек.
Хаиб пен Порье арасындағы жекпе-жек 7 қыркүйек күні "Әбу-Дәбиде" өтетін болады.