Хабиб Нурмагомедов Қазақстанда жекпе-жек кеші өтетінін мәлімдеді

0
424

21 жұлдызы еліміздің бас қаласында Eagle FC 50 турнирі өтеді.


Хабиб Нурмагомедов Қазақстанда жекпе-жек кеші өтетінін мәлімдеді

ERNUR.KZ. Eagle Fighting Championship (EFC) жетекшісі Хабиб Нурмагомедов Қазақстандағы турнирдің анонсын жариялады, деп жазады Vesti.kz.

Тамыз айының 21 жұлдызы еліміздің бас қаласында Eagle FC 50 турнирі өтеді.

"Келесі аялдама – Нұр-Сұлтан. Жуырда көріскенше, Қазақстан", - деп жазды Хабиб инстаграм парақшасында.

Аталмыш промоушен осымен Қазақстандағы үшінші жекпе-жек кешін өткізгелі отыр. Осыған дейін 2021 жылдың маусым айында Алматы қаласында және биыл шілде айында Ақтау қаласында өткен еді.