Көкпардан ОҚО чемпионаты өтті

0
1 504

ERNUR.KZ. 13 - 14 ақпан күндері Шымкенттегі орталық атшабарда көкпардан жастар мен жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі өтті. Чемпионатта Түлкібас, Қазығұрт, Отырар, Төлеби, Сарыағаш аудандарының шабандоздары мен Шымкент құрама командасы бақ сынады.

Турнирді "Сарыағаш" пен "Шымкент" командаларының арасындағы ойын бастап берді. Мұнда сарыағаштық көкпаршылар 3:2 есебімен жеңіске жетті. "Отырар" мен "Қазығұрт" шабандоздарының бәсекесі де тартысты өтті. Ойында қарсыластарынан мықтылығын байқатқан қазығұрттықтар 3:2 есебімен басым түсті. Жарыстың қортындысы бойынша Түлкібас ауданының шабандоздары облыс чемпионы атанды. Төлеби ауданының командасы 2 - орыннан көрінді. Ал, Қазығұрт көкпаршылары 3 - орынды иеленді. Жүлдегер командалар арасынан ең мықты көкпаршылар іріктеліп, облыс құрама командасы жасақталатын болады. Олар сәуір айында Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында облыс намысын қорғайды.