Конор МакГрегор мұсылмандарды Рамазан айымен құттықтады

0
548

МакГрегор соңғы айқасын өткен жылы 11 шілдеде өткізіп, Дастин Порьеден жеңіліп қалды.


Конор МакГрегор мұсылмандарды Рамазан айымен құттықтады

ERNUR.KZ. Екі салмақ бойынша UFC ұйымының бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор мұсылмандарды Рамазан айымен құттықтады, деп жазады Vesti.kz.

"Барлық мұсылман достарымды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын. Абу-Даби мен Дубай керемет қала. Мен және отбасым бұл қалада өткізген әрбір сәтімізді бағалаймыз. Бұл қаланың адамдары мен өмір сүру қағидасы мүлде ерекше", - деп жазды файтер әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, МакГрегор соңғы айқасын өткен жылы 11 шілдеде өткізіп, Дастин Порьеден жеңіліп қалды. Сол кездесуде Конор аяғын сындырып алды. Қазіргі уақытта ол жарақатынан емделуде.