Коронавирус: «Astana»-ның тағы екі велошабандозы жарысқа бармайды

0
608

Екі шабандоз да командаластары Жандос Бижігітовпен жақын қарым-қатынаста болған.


Коронавирус: «Astana»-ның тағы екі велошабандозы жарысқа бармайды

ERNUR.KZ. «Астана Про Тим» командасы «Джиро д’Италияға» қатысатын Юрий Натаров пен Вадим Пронскийді алмастырады, деп жазады Olympic.kz.

Себебі екі шабандоз да командаластары Жандос Бижігітовпен жақын қарым-қатынаста болды. Жандос COVID-19-ға тест тапсырып, сынама оң нәтиже көрсетті және аталған вирустың симптомдары да шабандоздан байқалады. Юрий Натаров пен Вадим Пронскийді италиялық Гранд-Турда Йонас Грегаард Вилсли мен Родриго Контрерас алмастырады.

Тас жолдағы велоспорттан өтіп жатқан Әлем чемпионатының алдында Алексей Луценко да COVID-19-ға тест тапсырып, сынама оң нәтиже көрсетті. Дегенмен Қазақстан чемпионында аурудың ешқандай симптомдары жоқ. Қазіргі таңда Луцкенко екінші рет тапсырған тесттің нәтижесін күтуде


"Юрий Натаров пен Вадим Пронскийді алмастырғанымыз өте өкінішті. Себебі олар осы жолы алғаш рет «Джиро д’Италияға» қатысуы тиіс болатын. Бірақ жарыстың протоколы қатаң. Тіпті жігіттерде ешқандай симптом болмаса да, олар командалас әріптестеріне вирус жұқтыруы мүмкін еді. Өйткені олар Жандос Бижігітовпен қарым қатынаста болды. Жандос Бижігітовтің тез арада сауығып кететініне күмәніміз жоқ. Себебі ол келесі жарыстарға қатысуы керек. Шабандоздарымызды алмастыруға тура келгені өте өкінішті", – деді «Астана Про Тимнің» бас менеджері Александр Винокуров.