Коронавирустан зардап шеккен теннисшілерге көмек көрсетіледі

0
521

Коронавирус кезінде зардап шеккен теннисшілерге көмектесу жобасы қолға алынғалы жатыр.


Коронавирустан зардап шеккен теннисшілерге көмек көрсетіледі

ERNUR.KZ. Халықаралық теннис федерациясы, әйелдер теннис одағы мен ірі жарыстардың ұйымдастырушысына айналған бірнеше ұлттық федерациялар коронавирустан зардап шеккен ойыншыларға көмек көрсету мақсатында арнайы жоба бағдарламасын дайындайтынын айтты, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы ITF баспасөз қызметі арнайы мәлімдеме жасады.
Коронавирус кезінде зардап шеккен теннисшілерге көмектесу жобасы қолға алынғалы жатыр. Қазіргі таңда бұл мәселе талқылану үстінде. ATP пен WTA ойыншылардың жобасын басқарса, қалған жеті ұйым осы жобаның қолға алынуына бар күштерін салуда. Денсаулық пен қауіпсіздік теннисшілер үшін бірінші орында. Мұны барлық ұйымдар мен спортшылар да жоққа шығармайды. Теннис қоғамы індеттің алдын алу мақсатында барлық шараны қолданып жатыр. Теннисшілердің амандығы жанкүйерлерге үміт сыйлайды. Осындай қиын кезеңде қаржылай көмекке мұқтаждар да болуы жасырын емес. Аталған жоба толық талқыланып, жоспарлы түрде іске қосылуын асыға күтудеміз, - делінген мәлімдемеде.