Көшбасында қазақ боксшы. WBC Головкинді рейтингтен мүлде шығарып тастады

0
488

Қазір жаңартылған рейтингтің көшбасында өзге қазақстандық - Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) тұр.


Көшбасында қазақ боксшы. WBC Головкинді рейтингтен мүлде шығарып тастады

ERNUR.KZ. Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) әр дивизиондағы рейтингін жаңартты, деп жазады Vesti.kz.

Жаңа тізімде орта салмақтағы қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) жоқ. Мұндай шешімге себеп боксшының ұзақ уақыт рингке шықпағаны болса керек, GGG 2022 жылы Сауль Канело Альварестен (60-2-2, 39 KO) жеңілгелі бері жекпе-жек өткізбеді.

Қазір жаңартылған рейтингтің көшбасында өзге қазақстандық - Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) тұр. Ал бұл салмақта ұйым чемпионы америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО).