Құрама командалардың топтық кезеңдегі жағдайы қалай?

0
2 291

ERNUR.KZ. Тамаша голдар. Жанкүйерлердің көз жасы. Қобалжу. Жұлдыз футболшылардың турнирден көз жасымен шығып кетуі. Бұның бәрі 3 күннен соң Ресейде басталатын Әлем чемпионатынан орын алады.


Құрама командалардың топтық кезеңдегі жағдайы қалай?

ERNUR.KZ. Тамаша голдар. Жанкүйерлердің көз жасы. Қобалжу. Жұлдыз футболшылардың турнирден көз жасымен шығып кетуі. Бұның бәрі 3 күннен соң Ресейде басталатын Әлем чемпионатынан орын алады. 32 құрама команда 1 ай бойы кіл мықтыны анықтайды. Бұл жолы қайсы құрама команданың бағы жанады екен деген сұрақ баршаны қызықтырады. Қатысушылар Ресейге түрлі көңіл күймен келді. Әлемнің теңдессіз футболшылары атағын 10 жылдан бермей келе жатқан Роналду мен Мессиге үлкен жауапкершілік түседі. Сонымен қатар олардың көлеңкесінде қалып келе жатқан Неймар секілді футболшыларда құрама командасын жеңіске сүйреу керек. Жұлдыз футболшылар жайлы біраздан соң тоқталамыз. Ал, құрама командалардың топтық кезеңдегі жағдайы қалай?

Турнирдің қожайыны Ресейдің плей–оффқа жолдама алады деген жорамалға біреулер сенсе, екінші жақ сенбей отыр. Себебі, Станислав Черчесовтың шәкірттерінің ойындарында проблема бар. Олар жолдастық кездесулерінен соң ресейлік әріптестеріміздің сынына ұшыраған. Қарсыластарда осал емес, Луис Суарес пен Эдинсон Кавани секілді сақып қырандары бар Уругвай, Англия премьер лигасында оттай жанған Мұхаммет Салах ойнайтын Мысыр және Сауд Арабиясы. Бұл топта көршілеріміздің келесі айналымға жолдама алуға мүмкіндігі бар. Көп нәрсе турнирдің ашылу матчында белгілі болады, Сауд Арабия құрама командасын жеңуі керек.

«В» тобында көрші Испания мен Португалия қарсыласына куә боламыз. Топтың фавориттері 1–турда кім мықты екенін анықтап алатын болады. Криштиану Роналду испаниялықтардың ойын тәсілін өте жақсы біледі. Бір команда да ойнайтын Серхио Рамос "Криштидің қандай әрекет жасайтынын әріптестеріме айтып беремін. Гол соғуына жол бермейміз" деп отыр. Бірақ, Роналду бұл мундиалда өзінің бар күшін салады. 33 жастағы шабуылшы 2022 жылы Катарда өтетін Әлем чемпионатында қатысады ма, әлде жоқ па беймәлім. Сол үшін Криштидің соңғы чемпионаты екенін ескеретін болсақ, құрамасы бас жүлде алу үшін барын салуына тура келеді. Болмаса Лионель Мессиден артта қалып кетуі мүмкін. Бұл оның жасыл алаңда күшпен ойнауына алып келеді.

Әлем чемпионатында 4 құрама команданың мүмкіндігі жоғары бағаланып отыр. Олар Аргентина, Бразилия, Франция және Германия. Бірақ, жоғарыда тілге алынған португалиялықтар мен испаниялықтар да біраз команда турнирден шығарып салатыны анық.

Футболшылар жайлы. Месси мен Роналду мәселесі айтпаса да белгілі. Леонель Месси 4 жыл бұрын финалда қатысып, жеңіліп қалған. 5 рет «Алтын допты» жеңіп, клубымен барлық турнирде жеңімпаз болған Месси мен Роналдудың коллекциясына бірақ кубок жетпей тұр. Олда болса, Әлем чемпионатының алтын медалі. Ал Неймар мен Мұхаммет Салахтың да бағы жанатын мудиал болады. Олар екі футболшының көлексекінен жаңа бір футболшының шығуына ат салысады. 2018 жылдың үздік футболшысының анықталуына Ресей мундиалы үлкен әсерін тигізеді. Франция құрама командасында жас футболшылар Мбаппе мен Погбаны да қоссақ болады. Бір сөзбен айтқанда жалауы көтерілетін Әлем чемпионаты біз күтпеген қызықтарға толы болады.