Лионель Месси не үшін ПСЖ командасын таңдағанын айтты

0
541

Мессимен келісімшарт 2+1 жүйесінде жасалған.


Лионель Месси не үшін ПСЖ командасын таңдағанын айтты

ERNUR.KZ. Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси ПСЖ командасының ойыншысы ретінде бірінші баспасөз жиынын өткізді, деп жазады kaz.vesti.kz.

"ПСЖ сапына ауысқаныма қуаныштымын. Жанкүйерлер менің "Барселонадан" қалай кеткенімді біледі. Бірақ Парижге келгеннен кейін, көңілім орнына түсті. Жаңа командаммен жаттығуды асыға күтудемін. Жаңа командаластарыммен де тез танысқым келеді. ПСЖ басшылығына алғысымды білдіремін. Келіссөздер жылдам әрі жақсы өтті.
Мұнда ауысқандағы басты мақсатым - Чемпиондар лигасын жеңу. ПСЖ командасында мықты футболшылар жиналған. Сол үшін де көп ойланбай келісімшартқа қол қойдым. Барлық париждік жанкүйерге алғыс айтамын. Мұнда ұшып келгенде осынша көп адам жиналады деп ойламадым. Бұл мен үшін тосынсый болды десем артық айтқаным емес", - деді Месси.

Мессимен келісімшарт 2+1 жүйесінде жасалған. Яғни келісімшарт мерзімі - екі жыл, бірақ оны кейін тағы бір жылға ұзартуға болады.