Махмұд Сабырханның інісі финалда қарсыласын нокаутқа түсірді

0
571

57 келідегі салмақ финалында қазақстандық боксшы өзбекстандық Фарух Тулагановтан үстем түсті.


Махмұд Сабырханның інісі финалда қарсыласын нокаутқа түсірді

ERNUR.KZ. Махмұд Сабырханның інісі Төрехан Сабырхан Амманда өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz.

57 келідегі салмақ финалында қазақстандық боксшы өзбекстандық Фарух Тулагановтан үстем түсті. Екінші раундта Төрехан қарсыласын нокдаунға түсірді, осыдан кейін төреші тіпті жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады.

Еске салайық, Төреханның ағасы Махмұд Сабырханды 2021 жылғы әлем чемпионатынан кейін "Қазақтың Ломаченкосы" атап кеткен. Белградта өткен әлем біріншілігінде ол 54 келіде күміс иеленген болатын.