​Мария Дмитренко Әлем кубогында "алтын" жеңіп алды

0
2 001

Мария Дмитренко бұған дейін Әлем кубогында бір алтын (2023), екі күміс (2021, 2023), үш қола (2021, 2022) медаль жеңіп алған.


​Мария Дмитренко Әлем кубогында

Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Каирде (Египет) стенд атудан өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде "Трап" бағдарламасы бойынша сынға түскен Мария Дмитренко алтын жүлделі болды.


Алтын жүлде үшін өткен тартысты сайыста 35 жастағы отандасымыз Токио Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы Фатима Галвез және Токио Олимпиадасының екі мәрте жүлдегері Алессандра Периллиден озды.


  • Мария Дмитренко — 40 ұпай;
  • Фатима Галвез — 39 ұпай;
  • Алессандра Перилли — 32 ұпай.

Мария Дмитренко бұған дейін Әлем кубогында бір алтын (2023), екі күміс (2021, 2023), үш қола (2021, 2022) медаль жеңіп алған.