Месси алаңда алмастырғаны үшін бапкерге наразылығын білдірді

0
713

Ойын кезінде Мессиде гол салуға бірнеше мүмкіндік болды.


Месси алаңда алмастырғаны үшін бапкерге наразылығын білдірді

ERNUR.KZ. "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси Франция чемпионатының алтыншы турындағы "Лионмен" матчте наразылығын білдірді, деп жазады Vesti.kz.

Ойын кезінде Мессиде гол салуға бірнеше мүмкіндік болды, соның ішінде, Неймардың пасынан да. Бірақ аргентиналық оларды сәтті пайдалана алмады.

76-минутта ПСЖ командасының бас бапкері Маурисио Почеттино аргентиналықты Ашраф Хакимимен алмастырды. Алаңнан шығып бара жатып, Месси бапкердің қолын алмады.

Матчтің өзі ПСЖ пайдасына 2:1 есебімен аяқталды, жеңіс голын алаң иелері қосымша уақыттың төртінші минутында салды, гол авторы Мауро Икарди.