Месси "Барселонаға" қайтып оралуға ниетті

0
832

Ол спорт директоры болғысы келеді.


Месси

ERNUR.KZ. Франциялық "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси испаниялық "Барселонаға" оралуға ниетті, деп жазады vesti.kz.

"Клубыма қолымнан келгенше көмектесемін деп үнемі айтатынмын. Спорт директоры болғым келеді. "Барселонада" ма әлде басқасында ма, білмеймін. Бірақ ондай мүмкіндік болса, мен оралып, сүйікті клубыма көмектескім келеді. "Барселона" ары қарай да өсіп, әлемдегі ең мықты клубтардың бірі болып қала береді деген үміттемін", - деп береді Мессидің сөзін "Матч ТВ" арнасы Sport.es порталына сілтеме жасап.