Месси "Интер Майамидің" 2023 жылғы ең мықты ойыншысы атағын иеленді

0
593

36 жастағы футболшы МЛС-ке биыл жазда еркін агент ретінде ауысқан болатын.


Месси

ERNUR.KZ. Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси "Интер Майамидің" 2023 жылғы ең мықты ойыншысы деп мойындалды, деп жазады vesti.kz.

36 жастағы футболшы МЛС-ке биыл жазда еркін агент ретінде ауысқан болатын. Оның қазіргі келісімшарты 2025 жылға дейін есептелген.

"Интер Майами" сапында Месси 14 матчке қатысып, 11 гол салды және бес нәтижелі пас берді.

Месси "Интер Майамиге" өз тарихындағы алғашқы жүлде - Лигалар кубогін жеңіп алуға көмектесті.