Месси ПСЖ сапындағы соңғы ойынын өткізеді

0
641

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси франциялық "Paris Saint-Germain" футбол клубынан биылғы маусым аяқталғаннан кейін кетеді.


Месси ПСЖ сапындағы соңғы ойынын өткізеді

ERNUR.KZ. Францияның "Paris Saint-Germain" клубының бас бапкері Кристоф Галтье команданың 3 маусымдағы "Клермонға" қарсы кездесуі белгілі футболшы Лионель Мессидің соңғы ойыны болатынын растады, деп жазады inbusiness.kz


"Мен үшін футбол тарихындағы әлемнің үздік ойыншысына бапкерлік жасау - үлкен мәртебе", - деді париждік клубтың бас бапкері баспасөз мәслихатында.

"Ол әрқашан команда үшін жұмыс істеді. Әрдайым ойында болды. Әріптесіне пас берді немесе гол соқты. Қайталап айта кетейін, бұл мен үшін тек бапкерлік жасау ғана емес маусымның барлық кезеңінде қасында жүргенімді үлкен мәртебе деп бағалаймын", - деді Галтье.

"Paris Saint-Germain" 3 маусымда Парижде Франция чемпионатының қорытынды турында "Клермонға" қарсы ойнайды. Париждік клуб алдын ала ел чемпионы атанып үлгерді.

Месси команда сапына 2021 жылы еркін агент құқығы бойынша қосылған еді. "Клермонға" қарсы ойын ол үшін ПСЖ сапындағы соңғы кездесу болады.