ММА-дан Әлем чемпионаты: Қазақстандық сынған аяғымен жүлдегер атанды

0
1 260

Рентгенге түсіргенде спортшының жіліншік сүйегі сынғанын көрсеткен. Мұндай жарақатпен әлем чемпионатында медаль иеленбек түгілі, тіпті жүрудің өзі бейнет.


ММА-дан Әлем чемпионаты: Қазақстандық сынған аяғымен жүлдегер атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық ММА шебері Әлем чемпионатында сынған аяғымен үш айқас өткізіп, сайыстан құр қайтпай қола медаль иеленді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білетіндей, ММА-дан Қазақстан құрамасы Бахрейнде ММА-дан өткен әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді. Жалпы, командамыз 9 медаль, оның ішінде 1 алтын, 1 күміс және 7 қола медальге ие болды. Қола медаль иеленгендердің ішінде 56,7 келі салмақта өнер көрсеткен оралдық Әліби Теміртасовты ерекше атап өткім келеді. Екінші айқастың ортасында ол аяғынан жарақат алып, қалған екі айқасты ақсап жүріп өткізді. Шынымды айтсам, мен оның санын лоу-киктер жайы ауыртқанын, ісіну көп өтпей кететін шығар деп ойлаған едім. Бүгін Отанымызға оралғаннан кейін рентгенге түскесін Әлібидің жіліншік сүйегін сындырып алғанын білдік!!! Мұндай жарақатпен әлем чемпионатында медаль иеленбек түгілі, тіпті жүрудің өзі бейнет еді. Мен таңғалып отырмын», - деп жазады Айдар Махметов өзінің Фейсбук парақшасында.

Оның айтуынша, Әліби ¼ финалда бұрынғы чемпионаттың жүлдегері - америкалықты қылқындырып, жеңіп кеткен.

«Ал жартылай финалда Әліби осы сайыста чемпион болған дағыстандық Руслан Сатиевке алапат қарсылық көрсетті. Төрешілер Сатиевтің қолын көтерді. Міне, қазақ жері осындай батырларымен мақтануы керек! Осындай жігіттер біздің еліміздің атақ-абыройын аспандатады», - дейді А.Махметов.

Оның айтуынша, Әлібидің диагнозы күрделі болғандықтан, жарақат отасыз жазылмайды.